Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
Қазақ әдебиетінің көлемді прозалық шығармаларын
бізбен бірге оқы!
Бұл сайтта жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныптың қазақ әдебиеті оқулығында қамтылған көлемді прозалық шығармаларды оқытуда қолдануға тиімді әдіс-тәсілдер беріліп отыр
Бұл жұмысқа Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті қаржылық қолдау көрсетті
(грант ЖТН АР09562194)
Шығарманы оқу
Шығарманы оқыңыздар!
Әдіс-тәсілдер
Мұғалімге сабақты тиімді өткізу үшін пайдалануға ыңғайлы
Тапсырмалар
Оқушылардың шығарманы қандай деңгейде түсінгенін анықтауға көмектеседі
Шығармалар
Бұл жерде шығармаларды таңдап, оқи аласыздар
Оралхан Бөкей «АТАУ КЕРЕ»
Ол Бек-алқаға жылына бір рет міндетті түрде қатынайтын. Туған ауыл, ел-жұртын емешегі үзіліп сағынғандықтан емес (қайбір екі туып, бір қалғаны бар), жыл бойғы табан ет, маңдай тердің құнын шығарып, ұшы-қиыры таусылмас шаруасының шалғайын қайыру үшін етектегі елге – Үлкен Жерге асығатын. ал шаруа, басқаны қайдам, Ерік үшін қайта айналып орнына келе берер күн мен түн секілді мәңгілік қозғалыстағы, мәңгілік айналымдағы дүбірлі дүние, таусылмас қазына. Сонау Таулы алтай өлкесімен қолтықтасып жатқан «Қатын суының» дәл кемеріндегі омартадан мынау Бұқтырма өзенін мінбелей орналасқан Бек-алқаға дейін атпен жүрсең – күншілік жол. Онда да таңның алғашқы хабаршы сәулелері тарап, елеңалаң шақ туа атқа мінбесең, қонаға жете алмай қаласың. Ерік бүгін тым ерте шыққан. Түнге қалсаң, тау арасындағы шөп көмкеріп тастаған жалғыз аяқ соқпақтан адасып, соқыраңдап сорың қайнайды, тек – астыңдағы атыңның жершілдігіне сенер едің.
Толығымен оқу
Мұхтар Әуезов "Абай жолы"
Аттылар үйдің сыртына келе бергенде алдарында, сол үлкен үй мен күншығыс жағына тігілген қонақ үйдің екі арасында бұларды күткен бір топ жан тұр екен. Жанағы шешелерден баска: женгелер, көрші үйлердін катындары, бірен-саран тыста жүрген шал-кемпір, онан соң осы ауылдың барлык үйлерінен шығып, жүгірісіп келіп жаткан балалар бар. Бұл топка карай ауылдын үлкендері де жан-жактан дабырлап сөйлеп, ағылып келіп жатыр. Осы жиынға караған бетімен, екі жолдасынан озып кеп бүрын түскен Абайдын атын біреу алып кете берді. Бала көп ішінен, ең алдымен өзінін шешесін коріп, соған карай жүре беріп еді, шешесі анадай жерде тұрып: — Әй, шырағым балам, әуелі ар жағында әкең тұр... Сәлем бер! -деді.
Толығымен оқу
Баққожа Мұқай "Өмірзая"
Бұл үйдің есігінің әмісе ашық тұратынын білсе де әдептінің әдетіне бағып, қоңырау түй­месін басты. Әдеттегідей ешкімнің рұқсатын күтпестен имене басып, ішке енді. Бүйірдегі бөлмеден шашы ұйпа-тұйпа болып, қабағы қабарып Сыздық шықты. Ұйқыдан жаңа ғана о­янған сыңайлы, екі көзінің ады іріңді былшық. Екі беті көнектей болып ісінген, өлусіреген көзінде жылт еткен сәуле жоқ, етеп езу тартқанмен жүзі жылымады. Құнарсыз топыраққа өскен сояудай сирек сақал-мұртына ұстара тимелегі де біраз болған тәрізді. Екі иығы қушиып, дірілдеген Сыдықтың өзіне ашқарақ көзбен, қасқыр пейілмен қарап қалғанын байқаған Аяған­ның жүрегі әлсіз ғана шым етті. Бас изеп, қарияның бөлмесіне қарай өтіп кепек болған, Сыздық жолын кесті.

Толығымен оқу
Жоба орындаушылары
Балтабаева
Наргиза
Смаилқызы
Жоба жетекшісі
PhD, қауымдастырылған профессор м.а.
Әбдіқалық
Күнімжан
Сәдірқызы
Жобаның жетекші ғылыми қызметкері
ф.ғ.к., профессор
Базаева
Жулдыз
Болатхановна
Жобаның жетекші ғылыми қызметкері
магистр, аға оқытушы
Байланыс
Жоба жетекшісі
+7 701 763 2699
This site was made on Tilda — a website builder that helps to create a website without any code
Create a website