Әдіс-тәсілдер
Мұғалімдерге көлемді прозалық шығармаларды оқытуда көмекші болатын әдіс-тәсілдер жиынтығы

Кіріспе

     Оқытуда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын тудруға үлкен септігін тигізіетіні мәлім. Әдіс пен тәсілді бірдей ұғымда қабылдап, қатар қолданғанымызбен олардың өзара айырмашылығы да жоқ емес. Оқыту тәсілдері оқу әдістердің бір бөлшегі іспеттес, нәтижеге жетудің жолдарына көмектеседі. Яғни, қызу тартысқа құрылған сұратар оқушы белсенділігін тудыратын тәсіл түрлеріне жатады.
     Жалпы, әдіс оқытудың мақсаты мен мазмұнына байланысты пайда болып, осылардың өзгеруіне қарай ол да өзгеріске ұшырап отырады. Әр пәнге қолданылатын әдіс те әр түрлі болып келетіні тағы белгілі. Осы бағытта бірізділіктің болмауы да әдістерді жүйелеуде аңғарылып жатады. Осыған орай А.Байтұрсынұлының «Әдіс – керекшіліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы, жаман болмағы жұмсалатын орының керек қылуына қарай»[1] деген тұжырымы бүгінге дейінгі және кейінде де оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдерді саралауда бұлжымас қағида іспетес.
Оқыту әдістерінің кез келген түрін белсенді әрекетке айналдыруы мұғалімнің әдіскерлік шеберлігі мен шығармашылық ізденісіне байланысты екені белгілі. Әрбір әдістің өзіндік ерекшелігін ескерген шығармашыл мұғалім оны өз бетінше оқушы қабілетіне қарай сұрыптап, қажеттілігіне пайдалана алады.
     Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес жылпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 11-сыныпқа арналған Қазақ әдебиеті бағдарламасында О.Бөкейдің «Атау кере» повесі, Б.Мұқайдың «Өмірзая» романы, М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын оқу қарастырылған. Шығармаларды меңгерту барсында «әдеби шығармаға сюжеттік-композиялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну; шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтау; көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету», т.б. оқу мақсаттарына қол жеткізу талап етіледі. Аталған шығармаларды оқыту барысында оқушылардың сабаққа деген белсенділігін қызықтыра түсу үшін олардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін айқындайтын әрі кейіпкерлердің образдық тұлғасын ашуда қолданылатын тиімді әдістерді, яғни, «Fila», Еегер ...,онда не болар еді?», «Ойлаудың алты қалпағы», «Балық қаңқасы», «Ара», «Ой талқы», «АПФ», «6 неліктен», «Сахналау», «Кубизм», «Қос жазба күнделігі», «Борт журналы», «Сөз жарысы», «Төрт сөйлем», «Әдебиет лотосы», «Оқиға айнасы», «Тұлғаның есімін ата», т.б. әр түрлі стратегияларды пайдалануға болатындығына көз жеткіздік. Мәтінмен жұмыста кейіпкерлерге қатысты өзара салыстыру, сызба-кестелермен жұмыс жүргізу, кейіпкерлерге мінездеме бергізу сияқты тапсырмалар да оқушының шығарманы жүйелі түрде түсінуіне мүмкіндік әкеледі.
     Жалпы, көлемді прозалық шығармаларды оқытуда қандай да болмасын әдіс-тәсілдерді тиімді етіп орнымен қолдана алса оқушының танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, көркем шығарманың басты идеясына қатысты өзіндік ойларын еркін жеткізе алатындай сыни ойлау қабілетін қалыптастыра түсуге болады.

Бірінші бөлім. Кеңестік пен уақыт


О.БӨКЕЙДІҢ «АТАУ КЕРЕ» РОМАНЫ БОЙЫНША ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

1. «FILA» ӘДІСІ

Кейіпкерлердің образдық тұлғасын ашуда қолданылатын әдістің бірі – «FILA»

Facts – шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын дерек жинау немесе мәтіннің проблемалық фактілерін анықтау.
Ideas – кейіпкер туралы өзіндік ой-пікір немесе ситуацияның тууына себеп болады-ау деген идеялар.
Learning issues – кейіпкер тұлғасын ашатын немесе идеяларды жүзеге асыруға көмектесетін сұрақтар
Action plan – автордың кейіпкерді суреттеуде қолданған тәсілі немесе проблеманы шешетін нақты жоспар.
Топқа бөлінгенде бір топтың құрамында төрт оқушыдан болады. Олар «FILA» әдісі бойынша тапсырмаларды бөліп алып, тиянақтаған жұмыстарын біріктіреді де кестені толтырады.
1-нұсқа
F- (кейіпкер туралы дерек) Таған-жағымды кейіпкер, текті отбасынан шыққан, бар Алтайға танымал ақын, аңқал. Ерік - жағымсыз кейіпкер. Әке тәрбиесін көрмей өседі, көреалмаушылық қасиеті басым, ара асыраймын деп анасының өліміне себепкер болды. Айна - адал жар болған, сұлу, ақылды, нағыз қазақ келінінің бейнесі десе де болғандай.
I- (кейіпкер туралы ой-пікір) Таған – адалдық пен ақымақтықты, Ерік – арамдық пен ашкөздікті, Айна – махаббат пен адалдықты сомдаған бейнелер деген ой-пікір туады.
L- (кейіпкердің образдық тұлғасын ашатын сұрақтар) Неліктен Таған араққа салынды және оның бұл жағымсыз әдетін тастауға не себеп болды? Ерік не себепті Тағанның жіңілісіне қуанды, оның ара асырауына не түрткі болды? Айна неге шығарма аяғына дейін Ерікке деген адалдығын сақтады (ол жаман адам болса да)?
A- Автор Тағанды суреттеу арқылы өзінің де протатипін жазған, яғни, Тағанның аңғалдығын Еріктің оны жалшы етіп алғандығынан білеміз. Демек, Еріктің пасықтығынан Тағанның адамгершілігі мен аңғалдығын, ал Таған арқылы Еріктің сұмпайылығы мен арам пиғылын көреміз. Айнаның жарына және енесіне деген адалдығын осы Нүрке апа мен оқиғаның шиеленісуінен байқаймыз.

2-нұсқа

F- Кейіпкер бейнесін ашатын дерекер: «Тура жүріп, тура сөйлейтін Қандауырдың тым-тым қара қылды қақ жарған әділдігі тұқым қуалап, Ерікке жұға қойған жоқ-ты».
*«Көз алдында көлбеңдеген арақ-сайқал ғана ежелден қалмай келе жатқан көңілдесіндей қылмыңдап, көзін қысып жымыңдап, жетелейді-ай, дедектетті-ай».
*«Айна Қатын суының жағасындағы өзінің меншікті мекеніне барып, дертке қуат, жанға суат арқыраған асау өзенімен сырласатын».
*ЕРІК өзінен озғандарды, суырылып алған шыққан шешенсігендерді өлердей жек көреді, ол студент кезінен бері «мейманасы тасығандардың мысын басу, басына бақ қонғандарды басындырмау үшін жаралғандай» бойын соқыр қызғаныш билеген қараниет, пасық жан.
I- «Тау мылқау деп кім айтты, жүрегі, тілі бар, тек естір құлақ керек; ал құлағы мен көзі барлардың да естімейтіні, көрмейтіні толып жатыр. Дүниені алатайдай бүлдіретін де солар. Құлағы бар-керең, жанары бар-соқырлар... сондықтан да, жан дүлейлігінен сақтасын...»
L- Берілген сұрақтарға ойлана жауап іздейміз: Шығармада өмір шындығы қаншалықты сипат алған? Шығармадағы ене мен келін қарым-қатынасына өз көзқарасыңыз... Тағанның сөздерінен табиғи шынайлылықты аңғаруға бола ма? Еріктің шығарма соңындағы бейнесі сенімді ме?
А– Берілген мәтіндер бойынша автор ойының түйініне зер салыңыз: «Саған да обал, келін шырақ, ішім сезеді, құсалық бар, қайтейін, Алтайдың аңғарына қамап ұстайтын аң емессің…» – деп қамығады Нүрке кемпір.
Бір жұтым ішімдік сұрау үшін арнайы іздеп келген, бір кезде Қарабура атанған Тағанды «көк есек ретінде пайдалансам қайтер еді?» деген ой келген Ерік: «Ей, Қарабура, сен маған еріп жүр. Аузыңнан арақ, алдыңнан тамақ кетпейді»,– дейді.

2. «ЕГЕР ..., ОНДА НЕ БОЛАР ЕДІ?» ӘДІСІ


*«Егер Ерік ара асырауды, будандастыруды қолға алмағанда онда не болар еді?»
*«Егер Айна жағымсыз кейіпкер ретінде берілсе, онда ...»
*«Егер Таған мен Ерік бір-біріне адал дос бола білсе, Таған Айнаға ғашық болмаса, онда...»
*«Егер шығарма соңында Еріктің анасы Нүрке кемпір өмірден озбаса, онда...»
*«Егер сен автордың орнында болсаң, онда шығарманы
қалай аяқтар едің?»
Бұл әдістің шарты: оқушыларға осындай сұрақтар қою арқылы шығармадағы оқиғаларды басқаша елестетуге, яғни, оқиға барысы қалай өзгеріп, қалай аяқталуына, өз бетінше тығырықтан шығуларына да мүмкіндіктер беріледі. Бұл тәсіл оқушылардың қиялын дамытып, мидың ойлау белсенділігін арттыра түсетіні мәлім.

Екінші бөлім. Заман шындығы


БАҚҚОЖА МҰҚАЙ «ӨМІРЗАЯ» РОМАНЫ БОЙЫНША ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР


1. «ОЙ ТАЛҚЫ» ӘДІСІ


Бірінші бөлік бойынша: «Аяған ұстазының көмейіндегі көмескіні болжады.
Мен деген күні біткен адаммын ғой. Маған бола әуреге түспей-ақ қойыңдар” дегісі келген шығар”,– деп түйді жігіт. Шалға ұрлана қарады, жүзіне көлеңке жүгіріп, қабағы шытылыпты. Ернін жымқырып алып, тым-тырыс тынған. Әмісе осылай, көңілінің қошы кетсе, тырсиып үндемей қалатын әдеті. Ішін ит тырнап жатса да қиналғанын пенде баласына білдірмейтін қарттың қажыр-қайратына қайран қалады Аяған. Тағдырдың соққысы мұншалық қатты тигенмен сынбай, иілмей келе жатқан қайсар шалға әрқашан таң. “Шүкімайдай болып сонша қажыр, қайратты қайдан алады екен”,– деп таңдай қағады».
Сұрақтар:
1.Аяғанның ұстазының аты кім?
2. «Ішін ит тырнап жатса да қиналғанын пенде баласына
білдірмейді» дегенді қалай түсінесіңдер?
3. Алдияр шалдан қандай мінез байқадыңдар?

Екінші бөлік бойынша: «Арыстандай азаматтың құрметіне атын Сыздық қойып ем. Ел-жұртының жыртысын жыртып, жоқшысы болсын деп ем. Қателесіппін, қарағым. Сорым болды ғой бұл менің. Сыздық төреден садақа кетсін бұл,– дейді шал оңаша қалғанда күйініштен өртеніп кете жаздап».
Сұрақтар:
1. «Ел-жұртының жыртысын жыртып, жоқшысы болсын деп ем» деген жолды қалай түсіндің?
2. Алдияр шал Сыздық төре мен кімді салыстырып отыр?
3. «Сыздық төреден садақа кетсін бұл» деген жолдарды түсіндір.
Үшінші бөлік бойынша: «Аяған Қуатов мемлекетке қарсы, өмір бойы орыс халқын ұнатпаған, оларды аяусыз қырған Сыздық Кенесарин туралы мадақ мақала жазған. Ол орыс пен қазақ халқының арасына от жағу үшін Сыздық сұлтан туралы мақаласын орысшаға аудартып, көбейтіп, жасырын таратқан. Пиғылы жат, ойы бөтен адам. “Кеңес үкіметінің Ауғанстанға әскер апаруы үлкен қателік. Бұл ерікті елді күшпен басып алу” деген. Ауғанстандағы соғысқа қарсы ұнқағаз таратқан. Мағжан Жұмабаев сияқты халық жауының өлеңдерін студенттер арасында насихаттаған. Кеңес үкіметі басшыларының беделіне нұқсан келтіретін анекдоттар құрастырған. Сібір аймағын бағындырған атақты батыр Ермакты студенттерге қанқұйлы қарақшы деп дәлелдеуге тырысқан. Ұлтшыл,сенімсіз адам. Жоғарғы оқу орнында қызмет істеуіне болмайды” деген желеумен тып-тыныш істеп жүрген қызметінен қуылып кетті».
Сұрақтар:
1. Бұл шығарманы баяндаушы кім?
2. Сыздық Кенесарин деп кімді айтып отыр?
3. «Пиғылы жат, ойы бөтен адам» дегенді қалай
түсінсің?
Төртінші бөлік бойынша: «Аяғанның кандидаттық» диссертацияына алаңдады. Денсаулығының нашарлығына қарамай бір үйдің бар ауыртпалығын өзі көтерді, Аяғаным еңбегін жазып, сәтті қорғап шықса деп тіледі. Көңілінде кіршік жоқ келіншектің тілегі жаратқанның құлағына жетпеді ме, Аяғанның еңбегі жанбады. Ғылыми же-текшісі Алдияр Ақпанұлы пиғылы жат, қауіпті адам ретінде қудаланды да, Аяған қосақ арасында кетті. Бұл жағдай Әсемге қатты батты».
Сұрақтар:
1. Мәтіндегі қай кейіпкердің ішкі жан дүниесі
баяндалған?
2. Аяғанның ғылыми жетекшісі кім?
3. Әсемнің қандай мінезі суреттелген?

2. «АПФ» ӘДІСІ


Сыныптан төрт оқушы таңдалып алынады да Үкімет пен Оппозиция командаларына бөлінеді. Командаларды тиын лақтыру арқылы анықтап аламыз. Тиынның сан жағы түскендер Үкімет, елтаңба жағы түскендер Оппозиция болады. Ал сыныптағы қалған оқушылар сайыстың төрешісі қызметін атқарады. Спикерлерге де, төрешілерге де қойылатын талаптар болады. Спикерлер берілген тақырыпты төмендегі ереже бойынша талқылайды:
1.Тақырыптың өзектілігі қандай? (Екі топ дебат жүргізеді)
1-ші топ. Кенесарыны келер ұрпаққа таныту үшін Алдияр шалдың өз басын қатерге тігуі дұрыс.
2-ші топ. Аяғанның Кеңес үкіметінің заңынан әділдік іздегені дұрыс емес.
2.Тақырыптағы кілт сөздерге анықтама беру (Екі топ дебат жүргізеді)
1-ші топ. «Заманның құбылып тұратын мінезіне бейімделіп, керек кезінде жалынып, жалбарынып, аяққа жығылып үйренген уақыттың құлақ кесті құлдары оны алып та, шалып та жықты» деген ойға мен келісемін.
2-ші топ: «Шындыққа әділеттің ақ жолымен бару керек. Жалынып, жаттың аяғына жығылып, жарамсақтанып жүріп нағыз шындыққа жете алмайсың» деген ойға мен келісемін.
3. Тақырыпқа сай қазіргі қалыптасқан жағдайға байланысты статистикалық мәлімет келтіру (Екі топ дебат жүргізеді.)
1-ші топ: Қазіргі кезде біз Алдияр, Аяған сияқты қайсар ғалымдарымыздың арқасында барша тарихымызды біліп отырмыз.
2-ші топ: Біздің еңбегі ерен, батыр бабаларымыздың тарихы Кеңес үкіметі тұсында бүркемеленді.
4. Өз позициясын дәлелдейтін кемінде үш аргумент келтіру және оны фактілермен толықтыру (Екі топ дебат жүргізеді.)
1-ші топ: Қазіргі заман да Аяған өзі іздеген шындыққа қол жеткізді.
2-ші топ: Кеңес үкіметі тұсында Аяған өзі іздеген шындыққа қол жеткізе алмады.
5. Позициясының нақты идеясын көрсететін және қорытындылайтын бір нақыл сөз немесе мақал-мәтел айту (Екі топ дебат жүргізеді.)
1-ші топ: Тарихымызды ешқашан ұмытпаймыз тақырыбында өз ойыңды ұсын және мақал-мәтелмен ойыңды аяқта.
2-ші топ: Шындық ешқашан бүркемеленіп қалмайды тақырыбында өз ойыңды ұсын және мақал-мәтелмен ойыңды аяқта.
Дәл сол сияқты төрешілер шешімді мына талаптар бойынша шығарады:
1) Тақырыптың ашылуы бойынша;
2) Аргументтер дәлелділігі қай тарапта басым болды;
3) Қарсылықтар өтімділігі;
4) Спикерлік қызмет бойынша;
5) Идея басымдылығы бойынша.

3. «6 НЕЛІКТЕН» ӘДІСІ

Оқушының білімін таразылайтын әдістердің бірі – «6 НЕЛІКТЕН»

Оқушылар топқа бөлініп, мұғалім дайындаған сұраққа жауап беруі тиіс. Сұрақ Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» романына байланысты қойылады. «Неліктен?» сұрағы арқылы оқушының шығарманы қалай меңгергенін тексереміз. Бұл әдістің тиімділігі оқушының білімін, топпен жұмыс жасауын, әдеби сөздік қорын таразылау бағытында байқалады.

1-нұсқасы

1-топқа: Неліктен Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» романын тоталитарлық дәуірдің шындығы дейді?
Жауап: Тоталитарлық дәуірдің шындығы – қазақ әдебиетінде жазылып келгенмен, сирек әрі құпия болды. Тек 1988 жылдан бастап қана қазақ баспасөзінің өзекті тақырыбына айналды. Танымдық мақалалар мен танымал шығармалар дүниеге келді. Енді бір туындылардың «екінші ғұмыры» ашылды. Осы тұста Баққожа Мұқай мен Роза Мұқанованың тоталитарлық дәуір шындығын аша білген танымал шығармалары туралы айта кеткенді жөн санап отырмыз. Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» романы – Кеңес заманының озбырлығы мен оспадар саясатын әшкере еткен аз кітаптардың бірі және бірегейі. Бұл романда Кенесары туралы еңбек жазған Алдияр Ақпанұлы мен оның шәкірті Аяған Қуатовтың өмір өткелдеріндегі қым-қиғаш оқиғалар, арандатушылық әрекеттер, шындық үшін күрес жолындағы қиындықтары сөз болады. Бірақ кітаптың соңында шындықты дәлелдеймін деп арпалысқан, алысқан азаматтың барлығы өмірден озады. Өмірзая... Бірақ олардың ерліктері ел есінен шыққан жоқ.
2-топқа: Неліктен роман «Өмірзая» деп аталды?
Жауап: Н.Айтұлының «Өмірзая» романы – кеше ғана басымыздан өткен күрделі өмірдің айнасы» деген пікірі нақтылай түседі.
3-топқа: Неліктен Аяған сол заманның заңдарына қарсы шықты?
Жауап: Коммунистік партияның хандық билік пен би-болыстарды теріске шығарып, байларды «халық жауы» деп кінәлаған, тарихи кейіпкерлерді жазуға, тіпті айтуға болмайтын кезеңде профессор Алдияр Ақпанұлының Кенесары туралы, Аяғанның ХІХ ғасырдың екінші жартысында ел күшін күрескен қайраткер СыздықКенесрин туралы зерттеу жазып, оны аудиторияларда оқылуы үлкен қылмыс болып саналғанды. Біз бұл туралы ой тұжырымды романның осы жолдарынан көре аламыз: «– За­ман жақса­рар, аға. Атар таңнан үміт күтеміз. Көп ұза­май Бреж­нев көкем ке­тер,– деді Аяған бәсең да­уыс­пен. Ай­та­рын ай­тып алып, өзінен өзі қу­ыс­та­нып, жан-жағына қара­ды. Ал­ди­яр мырс күлді.
– Ол кет­кенмен басқасы ке­лер. Одан не өзге­реді? Е-е, қарағым, Ке­некем осы­ны баяғыда білген. Білме­се өзі ба­рып жа­нып тұрған отқа түсер ме еді,– деп Ал­ди­яр көкірегі қарс ай­ры­лар­дай күрсінді. Оның нені меңзе­генін жігіт түсінді. “Шын­дықты та­баныңнан та­усы­лып, қан­ша ізде­ген­мен тап­пай­сың. Басқаның шын­дығы – ал­мас қылыш. Ол саған бақыт әпер­мейді, ба­сыңды қағады да тас­тай­ды” де­ген сияқты шал. Аяған ше­ше ал­май жүрген бір жұмбақтың ұшығын ұстаған­дай елеңдеп, ұста­зының жүзіне жалт қара­ды. Көзін жұмып алған шал сұп-сұр бо­лып, үнсіз жа­тыр.
“Басқаның шын­дығы – ал­мас қылыш. Ба­сыңды қағады да тас­тай­ды. Қағады да тас­тай­ды...”
Құлағы шыңыл­дап, екі беті ду­ыл­да­ды.»
4-топқа: Неліктен Аяғанның соңғы сәттерінде көзіне Кенесары хан мен Сыздық төре елестейді?
Жауап: Аяғанның азапты өмірінің ең соңғы сәттері... Ес пен түнек арасында көзіне Кенесары хан мен Сыздық төре елестеген.
« – Қор болып тірі жүргенше арпалысып өлмек жөн. Тұр орныңнан! – дейді Кенесары хан. Аяған орнынан тұрып кетпек болып талпынады, бірақ әл-дәрмені жетпейді, денесін зілмауыр жүк басып тұр.
– Шыда, батыр, шыдап бақ. Елім деп еңіреген талай боздақ көрген. Күш жина, серпіл, күрес, – дейді Сыздық төре».
Аяған күресіп-ақ бақты тұруға, серпілуге, қайтадан күрес жолына түсуге талпынды. Бірақ пенденің дені қаншама берік болса да, тәні әлсіз. «Тіріге опа бермеген жалғанды қап-қара түнек басты». Аяғанның демі үзіліп, шыбын жаны шырқырап көкке ұшты...
5-топқа: Неліктен Алдияр Ақпанұлы романның ой тұрғысынан тиянақтаушы?
Жауап: Ескінің сарқыты, тарихшы профессор. Атағы алашқа мағлұм адам. Алдияр ақсақал отаршылдық сабағын жақсы біледі, ұлтын жарыққа жетелеу жолындағы күрес құралы – халқының тарихи зердесін ашу деп санайды. Осы орайда Кенесары хан туралы зерттеу жазады. Ресми саясатқа қайшы бұл еңбек халыққа жат деп жарияланып, атақты ғалымның басына қара бұлт орнайды, күштілер тарапынан қудалауға ұшырап, шал ауру болып қалады. Оның түбіне жеткен отарлық саясатының ұраншысы ғана емес, қиын кезде бас сауғалап кеткен шәкіртінің опасыздығы. Ғұлама профессорды оп-оңай құлатқан, институт ректоры Мұса Байларов. Әлдебір жоғары мансапты партия қызметкерінің жекжаты. Сөзде майда, істе аяусыз. Бір көрімге тәуір адам, қулығына құрық бойламайды. Ең ақырында, Желтоқсан дүрбелеңі кезінде өкімет әрекетіне қайшы сөз айтып, көзге шалынып қалған туған әкесін өз қолымен жындыханаға қамайды. Бұл да – отаршылдық сананың жемісі.
6-топқа: Неліктен Аяғанның өмір жолы қиындыққа толы болды?
Жауап: Аяған елін ойлаған азамат, өз халқын қараңғылыңдақ шығаруға әрекет жасайды. Әуелі сол заманның әділетсіздігінен Алдияр ақсақал құлаған. Содан соң өз басына қатер төнеді, жұмыстан шығарады. Бірақ Аяған әділ заңның күшіне сенеді. Ақсақалдың да, өзінің де ешқандай жазығы жоқ. Аяған ең жоғары кеңестік мекемелерге, ең биік партиялық басшыларға арыз жазады. Жаздым, жаңылдым деп емес, ісім ақ, қазақ тарихына қиянат жасалып отыр деген сарында. Нәтижесінде әуелі түрмеге түседі, одан шығысымен жындыханаға қамайды, ақыр аяғында өлтіріп тынады.

2-нұсқасы

Сағат тілі арқылы алты топқа бөлінген оқушылар осы әдіс арқылы көкейіндегі проблемалық сұраққа жауап тауып, өз ойларымен бөліседі. Яғни, мыныдай алты түрлі сұрақ қоюға болады:
1-топқа: Неліктен Аяған Кенесарының ұлы Сыздық туралы мақала жазды?
2-топқа: Неліктен Аяған Кеңес үкіметінің заңынан әділдік іздейді?
3-топқа: Неліктен Аяғанның әйелі Әсем ауруханадан уақытынан ерте шығып кете береді?
4-топқа: Неліктен Аяған кітапханада кездестіріп қалған Асылханнан құтылуға асықты?
5-топқа: Неліктен Алдияр қарт ұлының атын Сыздық қойды?
6-топқа: Неліктен жұрт Татарка деп атайтын ауданнан сескенеді?

«FILA» әдісісінің орындалуы

Кейіпкерлердің образдық тұлғасын ашуда қолданылатын әдістің бірі – «FILA»

F – шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын дерек жинау немесе мәтіннің проблемалық фактілерін анықтау.
I – кейіпкер туралы өзіндік ой-пікір немесе ситуацияның тууына себеп болады-ау деген идеялар.
L – кейіпкер тұлғасын ашатын немесе идеяларды жүзеге асыруға көмектесетін сұрақтар
A – автордың кейіпкерді суреттеуде қолданған тәсілі немесе проблеманы шешетін нақты жоспар.

Facts бағаны бойынша: Алдияр қарт. Ол күйіп тұрған заманда Кенесарыны қорғаймын деп күйген. Тізгінін басқаның қолына ұстатып қойып, соның айтуымен жүріп-тұруға үйренген, орғанына мәз болып жүрген халқына Кенесары ісінің әділдігін дәлелдемек түгіл өз басы саудаға түсіп, құйрығына шала байланған. Арашалап алар пенде табылмай оттың ортасынан құр сүлдерін сүйретіп әрең шыққан. Заманның таяғы маңдайына бұдан кейін де сан рет тиген, омақаса құлаған сәттері де болған, сөйте тұра қыңыр шал алған бетінен қайтқан жоқ, қайта Кенесарғы деген ықыласы күшейе түсті.
Ideas бағаны бойынша: Алдияр қарт пен Аяған Кенесары мен оның ұлы Сыздықтың көтерілісі мен ерлігі туралы мақала жазып Кеңес үкіметінің қатал жазасына ұшырайды. Өз пікірімді мен мәтіндегі мына жолдармен анықтап бере аламын.
«Кенесары атамыз әділет үшін, қазақ халқының бақытты ғұмыры, азаттығы үшін басын бәске тігіп, ақыры жат қолынан ажал тапқан жоқ па?!– деп күлді Аяған. Шал көзін кең ашып, жа-утаңдап жігітке қарады. – Оның жеңілісінің өзі ұлы жеңіс деуші едіңіз ғой. Ол бақыт дегеннің не екенін білген жоқ, қысқа ғұмыры жанталасқан күреспен, азаппен өтті. Кенесарыдай ардагер ұлдарының арқасында қазақ халқы бақыттың шын бағасын білді, аға. Ал Кенекемнің ұлы Сыздықтың өмірі ше? Ол да әке жолын таңдады. Оның өмірі де кілең жеңілістерден тұрмай ма, аға!?
Алдияр қысылды, миығында күлкі ұялады. Болар болмасқа елп ете қоймайтын профессорды сарыуайымның иірімінен қалай алып шығуды білетін Аяған бұл жолы да ескі әдісіне салды. Бүкіл өмірін қазақ халқының ұлт азаттық көтерілістерін зерттеуге арнаған Алдияр Ақпанұлы үшін барлық қызығын бостандықтың бодауына берген, елінің болашағы жолында құрбан болған ерлерден қасиетті ұғым жоқ еді. Аяғанның білетіні – қарт профессор сол ерлер үшін ойланбай отқа түсе алады. Біз бұл бөлімнен Алдияр қарттың елі үшін жанын қиған ерлердің ерлігін дәріптеуін көреміз.
Learning issues (сұрақтар) бағаны бойынша:
Сұрақ: Алдир қарт кім?
Түсіндірмелі сұрақ: Алдияр қарт не үшін Кенесары туралы мақала жазып Кеңес үкіметінің жазасына ілікті?
Бағалау сұрақ: Алдияр қарттың Кенесары туралы мақала жазып, ерлікті келер ұрпаққа жеткізуінің тарихи маңыздылығына баға беріңіз.
Болжам сұрақ: Аяған Кеңес үкіметінің заңынан әділдік іздемегенде жанына араша іздемегенде Аяғанның тағдыры қалай болар еді?
Action plan бағаны бойынша: Баққожа Мұқай Кенесарының күрескерлік батырлығына аранап мақала жазған Алдияр қарт пен шәкірті Аяғанның Кеңес үкіметімен арпалысы баяндалады. Шығарманың өн бойы Алдияр қарт пен Аяғанның Кеңес заманында көрген қорлықтарымен баяндалады. Аяғанды ешбір қызметке алмауы және кеңес үкіметінің сойылын соққан озбырлардың іс-әрекеті қарама-қайшылықта суреттелген.

5. «САХНАЛАУ» ӘДІСІ

Тақырыпты толық меңгергенін тексеру бағытында қолданылатын әдістердің бірі – «САХНАЛАУ»
Бұл әдіс арқылы сынып оқушыларын 4 топқа бөліп, берілген мәтінді әрбір топ өз қалпында, күлкілі қалыпта, қорқынышты қалыпта, жыларман қалыпта сахналап шығуы керек.

Берілетін мәтін:

«– Шай дай­ын, аға.
– Шай ішетіндей жағдай жоқ мен­де, қарағым,– деп мұңай­ды Ал­ди­яр. Қина­ла күлімсіреп, қабағын шы­тын­ды. – Су бо­лып жа­тыр­мын.
Аяған сөзге кел­местен қарт про­фес­сорды көтеріп апа­рып ту­алет­ке отырғыз­ды да, қай­тып ора­лып, иістеніп, сарғай­ып кет­кен ақ сей­септі жу­ына­тын бөлме­ге әкеліп тас­та­ды. Те­резені ашып, бөлменің а­уасын та­зар­тты. Про­фес­сорды жу­ын­ды­рып, та­за киімдерін кигізіп, көтеріп ас бөлме­ге алып келді. Ұстаз бен шәкірт асықпай оты­рып шай ішті. Шал­дың маңдайы жіпсіп, жүзіне қан жүгірді.
– Иә, қарағым, өз жағдайың қалай?– деп сұра­ды шайға қанып алған­нан кейін Ал­ди­яр.
– Өзгеріс бол­май тұр, аға,– деп мұңай­ды жігіт. – Үлкен үй­ге кірдім. Жағдай­ым­ды ай­ттым. Отырғызып қой­ып өзімді кінәла­ды. Мой­ны бір тұтам, мы­жырайған жал­пақ са­ры сыз­да­нып әрең сөй­лесті. Жаз­дым, жаңыл­дым деп жа­лынып-жал­ба­рынып, аяғына жығылу­дан басқа ама­лым қал­ма­ды.
– Жа­лын­ба, қарағым,– деді шал қабағын шы­тып. Шәкіртінің жаңағы сөзін ұна­тай қалған сыңай­лы, қабағы қату­ланып, жүзіне сұс кірді. – Шын­дыққа әділеттің ақ жо­лымен ба­ру ке­рек. Жа­лынып, жат­тың аяғына жығылып, жа­рам­сақта­нып жүріп нағыз шын­дыққа же­те ал­май­сың, қарағым. Ол – ада­су жо­лы, теріс жол».

6. «ӘДЕБИ КӨКПАР» ӘДІСІ


Көркем шығармадағы кейіпкерлерге мінездеме беруде қолданылатын әдістердің бірі – «ӘДЕБИ КӨКПАР»
Бұл әдіс шығармадағы кейіпкерлердің мінезіне мінездеме бере отырып, оның шығрмадағы орнын анықтауға септігін тигізеді. Оқушылар әр кейіпкердің іс әректіне баға беріп салыстырады, өздері қандай ой түйгендерін сыныптастарымен бөліседі. «Көкпарға тартылатын» сұрақтарға кейіпкерлер есімі жасырылады, оқушылар оның кім екенін және негізгі немесе жанама кейіпкер екенін айта отырып, кейіпкерге мінездеме беруі тиіс.

Оқушылар екі топқа бөлініп, жарысады. Топқа төреші 2 спикер болады. Әр топқа кейіпкерлер жасырынған қағаздар тасталады. Жарыстың шартында уақытққа үлкен мән беріледі. Екі топ 3 минут ішінде кейіпкерге толық мінездеме беріп үлгеру қажет, осы уақытта кейіпкерге мінездеме толық бере алмаған топқа аз балл беріледі. Екі топқа екі сұрақ қойылады. 3 минут ішінде сұраққа ойланып жауап беруі қажет. Егер топ сұраққа толық жауап бермеген жағдайда ол топқа аз балл беріледі. Спикерлер уақыт есептеп толық емес жауапты толықтырып өз бағасын береді.

1-тапсырма. Мінездеме беру.
Аяған Қуатов - шығармада негізгі кейіпкер. Тарихшы, жасы 35-те, қалыптасқан азамат. Шындық үшін басын бәйгеге тіккен қайсар тұлға, адал жан. Кенесарының ұлы Сыздық туралы жазған зерттеуі үшін қудаланып, түрмеге, одан кейін жындыханаға, соңында өлім жазасына кесіледі.
Алдияр қарт – шығармада негізгі кейіпкер. Кенесары хан туралы жазған зерттеу жұмысы үшін тағдырдың тауқымтіне шыдаған төзімді профессор. Бар ғұмырын тарихи шындық үшін құрбан еткен үлкен тұлға.
Сыздық – жанама кейіпкер, Алдияр қарттың баласы. Мейрімсіз, намысыз, өз әрекетіне арланбайтын әрі ата-анасының үмітін ақтай алмаған қуыс кеуде.
Әсем – жанама кейіпкер. Өте мейрімді, жанашыр, күйеуі Аяғанның басына түскен әр азапты бірге бөліскен ақылды.
Алмас – жанама кейіпкер. Ол қабілетті жас жігіт, әуелде оң жолда болады. Желтоқсанға қатысқан барлық таныстарын түрмеге түсуіне себепкер болып, жалған куәлік жасайды. Тіпті, бұл оқиғаға мүлде араласпаған ұстазына (Аяғанды) жала жауып, өлімге кесіп береді.
Жақия – жанама кейіпкер, кекшіл, парақор, өштескен адамынан өш алмай қоймайтын қайырымсыз жан.
Ғалиев – жанама кейіпкер, парақор, өз қамын ғана ойлайтын қатігез адам.
Асылхан – жанама кейіпкер, ақкөңіл, жанашыр.

2-тапсырма. Қойылған сұрақтарға жауап беру
1-топқа сұрақ:
а) Алдияр қарт не себепті ұлының атын Сыздық қойғанын айтыңыз?
ә) Аяғанның қызба, ашуланшақ мінез көрсеткен тұсын әңгімелеп беріңіз.
Жауаптың үлгісі:
а) Кенесарының ұлы Сыздықтай батыр, ел қамын жейтін намысты ұл болсын деп ырымдап қойған.
ә) «Аяғанның бір басына дүние пәленің барлығын үйіп-төгіп, зықысын шығарды.
– Бәлен уақытта бәленнен пара алыпсыз. Сол рас па?– дейді күйле сөйлеп. Аяған шындығын дәлелдей алмай шыр-пыр болып, ызадан жарылып кете жаздайды. Кейде өзін-өзі ұстай алмай айқайға басады.
– Азамат, айқайламаңыз, саңырау емеспіз,– дейді тергеуші күле сөйлеп. Ашуға булыққан Аяған қалшылдап, біраз уақытқа дейін өзіне-өзі келе алмайды. Тергеуші күліп отырып жүйке жұқартар сұрақтарын көбейте береді.
– Ондай адамды білмеймін. Жала, жала!– деп айқайлайды Аяған».
2-топқа сұрақ:
а) Аяған не себепті Ауғанстанға қазақтан әскерге бала алуға қарсы болуының мәнісін ашып беріңіз.
в) Аяғанды тепкінің астына алған қарақшылардың артында кім тұрғанын айтмаңыз.
Жауаптың үлгісі:
а) Аяғанның інісі Ауған соғысына аттанып, сол соғыста көз жұмған еді.
в) Жақия Аяғанмен өштескен күннен бастап оның қыр соңынан қалмай, оған қарақшылар жібертіп, тепкіге ұшыратады.

7. «КУБИЗМ» ӘДІСІ


Тақырыпты жан-жақты қамтуға мүкіндік туғызатын әдістердің бірі – «КУБИЗМ»
Б.Мұқайдың «Өмірзая» романын осы әдіс бойынша талдау үшін туынды мазмұнын кубиктің алты қырындағы тапсырмаларға сәйкестендіріп қарастырамыз. Кубик кырлары бойынша тапсырма ауызша, жазбаша және аралас түрде жүруі мүмкін.

Әр топ кубикті лақтыру арқылы өзіне тиесілі тапсырмаларын анықтайды.


1-нұсқасы

1. Суреттеңіз: Шығармадағы Сыздықтың портретін суреттеңіз.
Оқушы жауабы: «Ұйқыдан жаңа ғана о­янған сыңай­лы, екі көзінің ал­ды іріңді был­шық. Екі беті көнек­тей бо­лып ісінген, өле­усіре­ген көзінде жылт ет­кен сәуле жоқ, еп­теп езу тартқан­мен жүзі жы­лыма­ды. Құнар­сыз то­пыраққа өскен со­яудай си­рек сақал-мұрты­на ұста­ра ти­мелегі де біраз болған тәрізді. Екі иығы қуши­ып, дірілде­ген Сыз­дықтың өзіне ашқарақ көзбен, қасқыр пейілмен қарап қалғанын байқаған Аяған­ның жүрегі әлсіз ғана шым етті. (Оқушы шығармадан осы үзіндіні тауып оқиды.)
2. Салыстырыңыз. Аяған мен Сыздықты салыстырыңыз.
Оқушы жауабы: Аяған мен Алдиярдың ұлы Сыздықты салыстыратын болсам, шығарманы оқу кезінде назар аударғаным Аяғанның Алдияр туған әкесі болмаса да ерекше ілтипатпен ұстазына қарауы. Сыздық болса өз қара басын ғана ойлап, ішімдікке салынып, әкесіне күтім жасамауы. Осыдан-ақ біз кейіпкерлердің мінез-құлықы мен мейірімділігін көре аламыз. Тағыд а салыстыра кететін болсам, Аяған еліне жаны ашыған өзінің қара басын ғана ойламай халқынада көмектесудің жолын іздеген жақсы адам. Сыздық болса, өзін ғана ойлап, өмірі зая өтіп жатқан адамды көреміз.
3. Зерттеңіз. Тарихи шындыққа жазылған тағы қандай шығармаларды білесіз?
Оқушы жауабы: Тарихи шындыққа жазылған шығармаларды айтатын болсам: І.Есенберлиннің «Мұхиттан өткен қайық», Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз», 3.Шүкіровтің «Сыр бойы», Қ.Шабданұлының «Қылмыс», Д.Досжановтың «Ақ орда», Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы», Б.Тілегеновтің «Тұйық өмірдің құпиясы», «1986 жыл», С. Елубаевтің «Ақ боз үй», т.б.
4. Қолдан. Шығармадағы Аяғанның мінезі мен іс-әрекеті туралы қандай баға берер едіңіз?
Оқушы жауабы: Романдағы Аяған – патриот, адал, аңғал, шыншыл кейіпкер. Мінге айналған тағы бір мінезі – қызбалығы. Әділетсіздікке шыдамайтын ғалымның қайырымы мол адам екенін роман басталған беттен-ақ көруге болады.
5. Дәлелдеңіз. Алдияр Ақпаұлының шарасыз күйге түскен себебін дәлелдеңіз?
Оқушы жауабы: Алдиярдың шарасыз күйге түсуінің себепкеріне институт ректоры Мұса Байларов болды. Мұса қара басын ғана ойлайтын, заманның сарынымен жүретін адам еді. Романнан Алдиярдың шындықты айтуына қарсы болып, қиыншылық көрсеткен осы Мұса болатын.
6. Талдаңыз. Аяғанның шындықты жария қылғысы келгенде ұстазының не үшін қарсы болғанын талдаңыз.
Оқушы жауабы: Аяған шындықты мақала және жоғарыға хат жазу арқылы жібергісі келеді. Біздің ойымызша, ұстазының қарсы болуы Аяғанды ойлауы, өзінің шындықты айтамын деп қаншама қиындықтан өтіп, сол күйі ештеңе істей алмағанын, Аяғанның өзінің тағдырын қайталмауын қаламайды деп ойлаймын.

2-нұсқасы

1. Сипаттаңыз (ауызша): Алдияр Ақпанұлының портретін суреттеп, жағдайын әңгімелеп беріңіз.
2. Салыстырыңыз (жазбаша): Кенесары тарихының шындығы үшін бар ғұмырын арнаған кейіпкерлер мен парақорлардың өмірін салыстырыңыз.
3. Зерттеңіз (ауызша): Кенесары ханның батырлығы, көтерілісі туралы және оның ұлы Сыздық туралы тағы не білесіз?
4. Қолдан (ауызша): Романның ұнаған жерінен үзінді
оқыңыз.
5. Дәлелдеңіз (жазбаша): Алдияр Ақпанұлының
қиындыққа тап болған Аяғанға «Сенің өміріңнің басқа арнаға түсіп кетуіне мен кінәлімін» деуіне не себеп болды?
6. Талдау жасаңыз (ауызша): Брежневке жазған хаты туралы Аяған айтқан уақытта әйелі Әсемнің қатты шошынғанына өз көзқарасыңды білдіріңіз.

Үшінші бөлім. Ғасырлық туынды


МҰХТАР ӘУЕЗОВ «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЫ БОЙЫНША ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР


1. «ҚОС ЖАЗБА КҮНДЕЛІГІ» ӘДІСІ


Бұл кеңінен қолданылып жүрген әдістердің бірі. Сабақ мазмұнына оқушылардың зейін аударып, қабылдау мен түсінігін келтіре алатын кесте. Бұл жерде роман мәтінін көлемді түрде көшірудің қажеті жоқ.
Мәтінді оқығанда оқушы қағазды екі бөлімге бөліп, сол жағын «Үзінділер» (немесе «Цитаталар») деп атап, оған сабақта өзінің назарын аудартқан немесе ерекше толғандырған (келісетін, келісе алмайтын, қызықтырған, т.б) үзінділерді жазады. Үзінділер жеке сөздер, сөз тіркестері, фразалар немесе қысқаша сөйлемдер түрінде келтіруі мүмкін.
Қағаздың оң жағы «Түсіндірме» (немесе (Комментарий) деп аталады. Мұнда оқушы сол жақта келтірген жазбаларының түсіндірмесін келтіреді: неліктен ол бұл үзінділерді жаза алды, оның себебі қандай? Осы арқылы өз ойларын, түсінігін, дәлелдерін жария етеді. Бұл баған сол жақтағыға қарағанда маңыздырақ болғандықтан, көлемді түрде тұтас сөйлемдерден тұруы керек.
Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романының үзіндісі төменде былайша беріледі:
Үзінді
...Оны түгел актарып сырласуға Абай шешесін аяйды. Оның ең үлкен түйіні — осы әке-шешенің бұдан ықтияр, тандау сүрамай, қақпалап апарып Ділдәға қосқаны еді. Тоғжандай ғашығы туралы бір ауыз хал сұрамай, бұның жастығын аямай айырғаны еді. Бірақ бүгін қайтіп ол туралы анасымен айтысады? Және, әсіресе, өзін “титтей де кінәлімін” деп толғанып көрмеген, оз түсінігінше “қамқорлықпен ғана өттім” деген, қателігі барлығын андап көрмеген мейірбан шешесіне не деп айтады? Осы күйлерді сезгендіктен, Абай әдейі үндемей кеткен.
Үзіндіге түсіндірме жазыңыздар.

2. «БОРТ ЖУРНАЛЫ» ӘДІСІ

«Борт журналы» деген тақырыпты оқып үйренуде өз ойларын жазуға үйретудің әр түрлі әдіс-тәсілдерін қамтитын жалпылама атауы ғана. Оқушылар
«Берілген тақырып бойынша маған не белгілі? Мен не білемін?», «Мәтіннен қандай жаңалық туралы білдім?» деген сұрақтарға жауап жазады.
Оқушылар «Абай жолы» туралы осы уақытқа дейінгі білетін ақпараттарын парақтың бір бағанына толтырады. Кейін шығармадан берілген үзіндіні оқып, содан алған жаңа ақпараттарын бағанның екінші жақ бөлігіне түсіреді. Үлгі ретінде төмендегі кестеге назар аударайық:
Берілген тақырып бойынша маған не белгілі? Мен не білемін?
Абай жолы» романы Абай Құнанбайұлы туралы жазған Мұхтар Әуезовтің туындысы екенін білемін. Шығарма Абайдың оқудан қайтып келе жатқан сәтінен басталады.
Мәтіннен қандай жаңалық туралы білдім?
Менің үйренгенім: романдағы «Биікте» деген бөлімінен алынған үзіндіде Абай өлеңдерін өмірінің басты бағыты етіп, халқына адал қызмет етіп, жанына өлең-жырларын жаттаушылары да жиналған кез еді. Ел арасындағы дау-дамайларды да шешуді естен шығармаған.

3. «СӨЗ ЖАРЫСЫ» ӘДІСІ

Мұнда әр топқа бірдей мәтін бере отырып, әр түрлі сұрақтарға жауап беру арқылы ортақ талқыланады. Осының нәтижесінде мәтінді толық түсіне алмаған оқушылар талқылау кезеңінде шығарма мазмұнының мәнін, көтерген иеясын жақсы түсіне алады. Осы әдістің негізгі мақсаты мәтіннің ішкі мазмұнын терең меңгерту болмақ. Оқушының назарынан тыс қалған кейбір детальдарға да көңіл аудартып отырады.
Мәтіннен үзінді: «Бүгінгі ұзақ жол бойында Абайдың қасында қатар отырып, атты ұзын бишікпен үйіре айдап қойып Баймағамбет бірнеше күн бұрын айтыл- май қалған “Черный Век – Марта” романын хикая етіп, сәйлеп келеді. Бұл романның шытырман уақиғасы патшалық дінінен өз діні басқа болған аса бір ғазиз асыл жігіт Дик жайында. Соның діндесі, таза жүрек, өр кәкірек, алып батыр – Қызыл сақал жайында. Инквизиция сотының аса бір аяр тыңшы жас осы, әйелден шыққан қатал қиянаткер Черный Век турасында. Оның өмір бойғы бәсекелі тайталас дұшпаны, әйелден шыққан қайсар, айлакер Марта турасында. Черный Векке жауыққан Марта Дикті құтқаратын көмекшінің бірі болады. Дик пен Қызыл сакалды қуғынға ұшыратып, соңына түскен Лейден шаһарының қанды қол, қатал соты бар. Соқыр ғұламалар, жауыз сопылар билеген – Инквизиция соты. Бұл әңгімеде азаматтық үлкен саналы қасиет те бар. Құдай атын ауызға алып отырып, күніне талайіжанның қанын төгіп, тозақ азабын тудырып отырған зор дін басы, рақымсыздар бар. Толқынсыз су жүзіне жарқырап, күліптүскен ай сәулесіндей аппақкіршіксіз, жас жүрек махаббаты, арманы да бар. Қараңғы терең зындан түбіндей, аянышты білмес, әділетті танымас, қиянат кеуделі Черный Век бар. Баймағамбет осыларды әңгіме еткенде, қазір соның бәрінің талабынан, ішкі сырларынан жоғары түрып, әділ сыншысы боп әңгіме етеді. Әрқайсысын өзінің орын дәрежесіне оқымыс, тәрбие, біліміне қарай өз.тілімен сөйлетеді. Шытырман уақиғалы, жүз түйіннен түйілген қиын әңгіме. Сол қызық романның кітапқа жазылған қүрылысын Баймағамбет бұзбастан, жаңылмастан, жайлап өргізеді. Осындай романдарды айтуға ауысқаннан бері Баймағамбет бұрын өзі айтып жүрген “Мың бір түнді”, қазақ ертегілерін, парсының “Қырық тотысын”, түркінің “Бақтажырын” бұрын өткен сабағы деп біледі. Қазір, соңғы жылда, оларды айтқыш емес. Оқымысты әңгімеші боп, тындау шыға: “Естісең мынаны есті! Баймағамбетті қадірлей білсең, осымен кадірле!” дегендей болатын» («Асуда», 227-б.).
Мәтін мазмұнын меңгергенін анықтау мақсатында әр топқа сұрақтар қойылады.
1-топқа: 1.Хикаяттағы негізгі кейіпкелер кімдер?
2. Оларды суреттеу тәсіліне назар ауадарамыз.
2-топқа: 1. Баймағамбет кім?
2. Ол қандай хикаят жайлы сөз етті?
3-топқа: 1. Шығармадығы әділетсіздіктер кімге жолығады?
2. Черный Век деп атауының себебі?
Қорытынды сұрақ: Баймағамбеттің қызыға оқыған хикаятының ерекшелігі неде?
Оқушылар шығармадағы жазушы шешіміне көңіл аудару үшін мәтінді басынан тағы бір саралауға көшеді. Оқушылардың өзді-өзі қызу талқылап кетуі шығарма мазмұнының терең меңгерілетінін көрсетеді, ал бұл – осы әдістің тиімділігін аңғартады.

4. «ТӨРТ СӨЙЛЕМ» ӘДІСІ

Бұл әдіс «Менің ойымша...», «Өйткені...», «Тағы да бір айта кетерлігі...», «Қорытындылай келе...» деген қыстырма сөздері бар сөйлемдер арқылы балалардың ойын анықтауға болады.
Мұнда оқушы мәтін бойынша осылайша айтумен өз пікірін жеткізе алады. Мәтінді бөліктерге бөліп, оқушының ой, пікірін сұрауға ыңғайлы әдіс.
М.Әуезовтің «Абай жолы» шығармасы бойынша өзінің ой-пікірін төрт сөйлеммен былайша жеткізуге болады:
1. Менің ойымша, Абай – кітап оқуға аса құштар жан.
2. Өйткені, ол шағатай, түркі және орыс тілінде жазылған кітаптарды еркін оқитын болған.
3. Тағы да бір айта кетерлігі, ол қиналып түсінетін араб, парсы тіліндегі кітаптарды да оқи алған.
4. Қорытындылай келе, Абай – біршама тілді меңгерген ойшыл ақын.
Бұл әдіс оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастырумен қатар, сыни ойлау мен өзіндік пікір айтуға және оны көпшілікке жеткізуге бейімделеді.

5. «ӘДЕБИЕТ ЛОТОСЫ» ӘДІСІ

Бұл әдіс тақырыпты есте сақтауға, шығарманы талдауға өз әсерін тигізеді. «Абай жолы» романымен толық танысқан соң кейіпкерлерге әр оқушы өзінше бір түйін жасай алады. Оқушылар шығарманы оқығанда өмірмен байланыстыра келе кейіпкер бойынан өзіне керекті, адам бойында табылуы тиіс қасиеттерді қалыптастырады.

Бұл әдісте оқушылар оқыған әдеби шығармаларының кейіпкерлеріне қатысты мәліметті кестеге (Кестені мұғалім өзі құрастырып береді) салуға ұмтылады. Белгілі бір уақыт ішінде кесте толтырылуы керек. Хрестоматиядан оқыған шығармаларды да пайдалануға болады.

6. «ОҚИҒА АЙНАСЫ» ӘДІСІ

Бірлесіп топпен жасалатын бұл әдістің маңыздылығы оқушылар мәтінмен толық таныса алуға мүмкіндік алады. Мүлдем таныс емес немесе жартылай таныс оқушылар бірлесіп жұмыс жасау арқылы шығарма оқиғаларына толық қанығады. Оқушыларға мәтіндегі оқиғаларды ретімен кестеге орналыстыруға және кейіпкердің эмоциясын сипаттауға тапсырма беріледі. Тапсырманың орындалу уақыты 10 минут.
1-ші кестеге: «Кұнанбай дәл өзінің үйлеріне және әсіресе, шешесіне сәлем айтып: «Қорыкпасын! Бір сапар барып кайтсам да, түбі кайыр болар!» деген».
Кейіпкер эмоциясы: Құнанбайды шығарма басынан мінезінің сырын білгендіктен оның болыс екендігін ескерсек, бұл жерде оның өзіне сеніп тұрғандығы шаруаны бітіруге шын мақсатпен бара жатқан жерінен қорыққандай көрінеді.
Әрі қарай осы эмоция күй қалай жалғасады?
2-ші кестеге: «Алшынбай, Майыр, Чернов және Тінібек төртеуі Омбы бұйрығы келғен сон, ен әуелі Құнанбайды сол Омбыға жөнелту кажет деп тапты. «Жібердік» деп Омбыға «үкілі почта» жөнелтіп, Майыр өзі де кағаздарды алып ілесе шықпақ. Содан арғысынын есебі жолда табылмақ. Жолдан қалса Омбынын өзінде бітпек. Қалай да осы Майыр өзі барып, құткарып қайтпаққа серт етті».
Кейіпкер эмоциясы: Құнанбайдың басын арашалап алуға үлкен Майырдың өзі аттануда, cонда Құнанбай басына келген қандай тауқымет неден болды, анықтау қажет.
3-ші кестеге: «Сонымен Кұнанбай жүріп кетті. Көлігін, жылы шанасын, жол азығын, қос аттарын шетінен ортан қолдай кып сайлап алды. Қойын-қонышка акшаны да сыкап алды. Күнанбай касына үш жігіт ертіп, тартып кетті. Бірак не дегенмен Омбыға карай бетгегелі Күнанбай көнілінде күдік көп. Әсіресе, діні бөлек, сыры бөлек Майыр ғой деп, гіараны көп алса да, көп уәде берсе де, сол Майырдын өзіне сенбейтін».
Кейіпкер эмоциясы: бұл жерде Құнанбайдың көңілі күдікті екені білінеді.

7. «ТҰЛҒАНЫҢ ЕСІМІН АТА» ӘДІСІ

Екі топтағы әр оқушыға бір стикерден беріп, сабақ тақырыбына байланысты белгілі бір тұлға (кейіпкер) жайында, яғни, сол кейіпкерлердің іс әрекеті туралы бес мәліметті жазуды тапсырмыз. Топтар стикерлерді жинап бір-бірімен алмасады, кезектесіп стикердегі мәліметті оқып, тез арада тобымен ақылдасып, жауабын береді, егер жауап дұрыс болса, үш ұпай алады, ал егер дұрыс болмаса, тағы да бір жауап беруге мүмкіндіктері бар. Ұпай саны жоғары болған топ – жеңімпаз болады.

Мұхтар Әуезов «Абай жолы» романының мәтінінен үзінді алынып, кейіпкерлердің іс-әрекеті бойынша бес мәлімет жазуға тапсырма беріледі.
Үлгі ретінде ұсынсақ, «Бекей қонақтарға сыртын беріп, от басында қалғып отыр.... Ербол ғана сүйеп қалып, зорға дегенде буынын бекітті... Тоғжан! Япырау, мынау Тоғжан, Тоғжаным ғой мынау! Дәл өзінің үні. Айнымаған өз ырғағы. Өз нақысы ғой» деп алынған жолдардағы кейіпкердің аты аталмай стикерге жазылып, екі топ осылайша стикерлерін алмасады. Қай кейіпкер екенін табу тапсырылады.
Осылайша, мұғалімнің алдын-ала дайындап әкелген мәтін үзінділерінен кейіпкерлерінің іс-әрекетінен тез пайымдаған оқушылар есімін дұрыс атауға ұмтылады. Бұдан шығатын қорытынды: осы әдіс арқылы да оқушылардың оқиға сюжеті мен кейіпкерлер әлемін толықтай меңгере түсуіне септігін тигізеді.
This site was made on Tilda — a website builder that helps to create a website without any code
Create a website