ТАПСЫРМАЛАР
Шығармаларды толық меңгеруге көмектесетін тапсырмалар жинағы

О. БӨКЕЙДІҢ «АТАУ КЕРЕ» РОМАНЫ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР


1-тапсырма. Семантикалық карта бойынша берілген мәтіннің қай кейіпкерге қатыстылығын тауып, белгілеңіз.
2-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Кейіпкерлердің ішкі әлемінен хабардар ететін шығармадағы тұстарды тауып, оқып беріңіз.
1-топ. «Кінәлі ол емес – мен. Менде емес – соғыс... Он жетіге толмай әскерге алды. Колхоз бастығы өз ұлының орнына жасымды үлкейтіп мені аттандырып жіберді. Бізді Сталинград қырғынына салды. Екі солдатта бір мылтық. Жаныңдағы мылтықтасың өліп, өз қолыңа қару жеке тиген сәтті армандайсың – күнәлі болсаң да армандайсың. Біз әншейін маскировка екенбіз. Нағыз майдан, негізгі күш басқа жақта жүріп жатыпты. Ол жойқын күштен бейхабар жау барлық қаруын бізге жұмсап, ажал бүркіп төпелей берді. Осы кезде, әбден әлсіреген Паулюстың ту сыртынан айналып өтіп, қоршауда қалдырады ғой. Ал дұшпанның мешені болған біз қынадай қырылдық. Әне, сол алапат арпалыста қатты жараландым. Ер адамға ең керегі – белден айырылдым. Ұрпақсыз қалдым. Қайтейін, бір әулеттен түрегеліп дәрет сындырар бір өзім едім». /ТАҒАН/
2-топ: «– Болар ұрпағың жоқ болған соң, дүние-боқтың керегі не? Шыр еткенге зар қылған тәңірдің тәлкегіне не дауа...».
«Айқара ашылған есіктен анау жап-жасыл тауға қарап отырған көк көз кемпірдің қоламтана бастаған тозыңқы жанарында кісі аяйтын арманға толы мұң бар еді. Күн шалмай қағаздай ағарған, әбден әжім айғыздаған жүзі сазара қатып, ерні дірілдеді. Келіні апасының аузынан шыққан осы бір өкінішке, өкпеге толы алғашқы сөзді тосырқай тыңдап отырды да, дастарқанды толық жинамастан асығыс шыға жөнелді. «Албасты басып, алжып отырмын ба, қайдан ғана айтып едім, — деп өзіне өзі ұрысты Нүрке кемпір. — Жас балаша мәпелеп баққан келінімді ренжітіп алдым-ау. Бала деген немене... итте де, құста да бар. Жақсыдан жаман туар — бір аяқ асқа алғысыз, жаманнан жақсы туар — адам айтса нанғысыз деген емес пе бұрынғылар. Ол жылбысқа кім білсін кім боп туарын. Әкесінің сақалына жармасқандарды да талай көргенбіз. Апыр-ай, Айнашжан өкпелеп қалды-ау...». /НҮРКЕ КЕМПІР/
3-топ: «– Мен осы бір нәрсеге таң қаламын,– деді сұқ саусағын шошайтып. – Неге біз осы өтірік сөйлейміз, өтірік күлеміз, қысқасы – өтірік өмір сүреміз, а? Неге біз осы өзіміздің бұл әлемге артық, түкке де керегіміз жоқ бейшара мүскін екенімізді мойындамаймыз. Қазір жоқ болып кеттік делік. Сен де, ей орыс, сен де, ей қазақ... Жоқпыз... дүниенің қылшығы қисая ма? Қайта Ұлы мәртебелі табиғат-ананың организмі тазарар еді, көк жөтелден сауығар еді... Білем-білем, «сен неге тірі жүрсің?» деп, сұрағалы отырсыңдар. Мен... мен... осы қарапайым ғана қағиданы сендерге түсіндіру үшін жүрмін. Осы күйкі тірлікке душар қылған мына мені атарға оқтары жоқ сендер, мен... сендерге ерегесіп, ыза болған соң амалсыз ішем...». /ТАҒАН/

БАҚҚОЖА МҰҚАЙДЫҢ «ӨМІРЗАЯ» РОМАНЫ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР


1-тапсырма. Берілген кейіпкерлердің шығармадағы басты рөлдерін тауып, сәйкестендіріңдер («Семантикалық карта» әдісі арқылы беріледі).
2-тапсырма. Берілген кейіпкерлердің шығармадағы өздеріне тән қасиеттерін тауып, сәйкестендіріңдер
3-тапсырма. «Өмірзая» романын «INSERT» әдісі бойынша талдаңыз.

V – + ?

Бұрыннан білемін Менің ойлағаныма Мен үшін жаңа Келісе алмаймын,

қайшы, керағар ақпарат білгім келеді

4-тапсырма. Венн диаграммасын қолдану арқылы Аяған мен Алдияр арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табыңыз.

МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЫ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР


1-тапсырма. Семантикалық карта әдісі бойынша берілген мәтіннен шығармадағы кейіпкердің қасиеттерін танып, кестеге белгілеңіз.
Мәтін: «Бұл былтырғы Тоғжан аулынан кайтарда Абай таныскан Ербол екен. Өзінің кенет өзгергенінен Абай кысылып калды. Бірақ Ербол мұның өзгерісін байкамаған екен. – Аң аулап жүрмісің? Итің кайда? – Ит осында... Жаңа осы шиде жүреді...– деп, Абай итін енді ғана есіне алып, артына карады. Сары тазы бұл уакытта шиден шығып, жортып келеді екен. Ербол тазының түсіне карай сала күліп жіберді. – Жарайды, аңшы-ақ екенсің! Осындай ток итпен анға шыға маекен? — Қой, тоқ емес-ті!.. – Бәле, мынау не? Бүйірін карашы! Жаным-ау, өзі не жеген? Жаңағана жепті?– деп, айнала карап тұрып, төсіндегі канды көрді де:– Өзін итіңнің аң алғанын да білмепсің ғой. Мынау коян жепті ғой!– деді. Абай аздан сон тазыны сөз кылғанды койып, Ерболды баска әңгімеге әкетті. Касынан жібермей көп жүріп, ұзак сөйлесіп, жылы сөйлесіп кеп, аулына шакырды. Ерболдын колы бос, жай ауыл кыдырып жүр екен. Абайға мейлінше көңілденіп ерді. Осы кездескеннен бастап, Абай Ерболды бес күндей жібермей, өз аулында қонақ етті. Неше алуан ойындар ойнады. Әңгімелер айтысты. Кеш сайын ән салып, ұзак сауық құрысты. Сол күндер ішінде Абай өз өлендерін де айтты. Ербол ендігі сырласы боп алды. Өмірінде алғаш рет осы жігітке Абай өз жүрегінін сырын ашты. «Тоғжанға білдір» деп ашты. Ербол осыдан сон барлық Абай айткан өлендерді жаттап ап, жас жігіттін жан сәлемін Тоғжанға жеткізбек боп жүріп кетті. («Бел-белесте», 221-б.)
2-тапсырма. «Уақыт тізбегі» әдісі бойынша берілген «Абай жолы» романының «Биікте» бөліміндегі өрбіген оқиғаларды рет-ретімен орналастырыңыз.
Мұнда алынған білімді жүйелеуге, оқушыларды жинақы түрде ойлана алуға қалыптастыруға өз септігін тигізеді. Тапсырмадағы оқушылардың негізгі атқаратын іс-әрекеттері жүрдек пойыздың вагондарында көрсетілген мәтін бойынша жазылған жиынтық ойларды дұрыс, ретке келтіру.
3-тапсырма. «Сен маған, мен саған» әдісі бойынша мәтінде кездесетін бейнелеу, суреттеу, портреттерді дәптерге теріп жазыңыз.
Үлгі ретінде берілген мәтін: «Тобықты ішіне сонау алыс Көкшетаудан келген сирек, сый қонақ. Өзі ақын, өзі әнші, өзі сері Біржан. Үстінде қара мақпал, кең, жеңіл ша-паны бар. Омырауы ағытылған, “сері жаға” ақ көйлектің сыртынан киген сарғылт түсті, қытайы жібек камзолы бар. Оқалы тақиясының жібек шоғы ырғала түседі. Құйқылжыған әніне қалың жиын қыбыр етпей ұйып, мүлгіп отырғанда, кербез әнші өзі де, жүзіне жылтыр майда рең бітіп, нұрлана қүбылады».
Оқушылар берілген мәтіннен тапқан портрет, суреттеу, бейнелеу сөздерді қима қағаздарға жазып, жұбымен қима қағазбен алмаса да алады.
This site was made on Tilda — a website builder that helps to create a website without any code
Create a website